Nokia Asha 303 - Қайта өңдеу

background image

Қайта өңдеу

Осы телефон жұмыс мерзімінің соңына жеткенде, оның барлық материалдарын

материалдар мен энергия ретінде қалпына келтіруге болады. Қоқысқа тастау

немесе қайта пайдалану дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, Nokia корпорациясы

өз серіктестерімен «We:recycle» («Біз қоқысқа тастаймыз») атты бағдарлама

арқылы бірігіп жұмыс істейді. Ескі Nokia өнімдерін қайта пайдалануға өткізу және

жинау орындарын табу туралы ақпарат алу үшін www.nokia.com/werecycle

тораптарына өтіңіз немесе Nokia Care хабарласу орталығына қоңырау соғыңыз.

Орамалар мен нұсқаулық қағаздарын жергілікті қайта өңдеу схемасы бойынша

қайта өңдеңіз.

Бұйымдағы қиылысқан сызығы бар дөңгелекшелі кәрзеңке белгісі, нұсқаулық

немесе орауыш барлық электр және электрондық бұйымдардың, батареялардың

және аккумулятордың жұмыс мерзімі біткеннен кейін бөлек жиналуы керек екенін

есіңізге салады. Бұл талап Еуропалық Одақта қолданылады. Бұл бұйымдарды

сұрыпталмаған қалалық қоқысқа тастамаңыз. Телефонның қоршаған ортаға

қатысты сипаттары туралы қосымша ақпарат алу үшін www.nokia.com/ecoprofile

мекенжайына өтіңіз.

Қоршаған ортаны қорғау 43