SIM картасы мен батареяны салу
Ескерім: Қақпақтарын шешпестен бұрын құрылғыны өшіріп, зарядтағышты
және басқа да құрылғыларды ажыратыңыз. Қабын ауыстыру кезінде электрондық
құрам бөліктерді ұстаудан абай болыңыз. Құрылғыны әрқашан қабымен ұстай
отырып қолданыңыз
Маңызды: Бұл құрылғы стандартты SIM картасымен (суретті қараңыз) ғана
пайдалануға арналған. Сәйкес келмейтін SIM карталары құрылғы мен картаны
зақымдауы, сондай-ақ картадағы деректерді бүлдіруі мүмкін. mini-UICC ойығы
бар SIM картасын пайдалану туралы кеңесті мобильді байланыс
операторыңыздан алыңыз.
Бұл телефон BP-3L батареямен пайдалануға арналған. Әрқашан Nokia
корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
6
Жұмысты бастау
SIM картасы мен оның контактілері тырналса немесе иілсе, олар оңай бүлінеді,
сондықтан, картаны ұстағанда, салғанда немесе шығарғанда абайлаңыз.
1 Телефонды өшіріңіз.
2 Артқы қақпақты ашатын тетікті телефонның астыңғы жағына қарай тартып,
қақпақты шешіңіз.
3 Салынған болса, батареяны шығарыңыз.
4 SIM карта ұстағышының қақпағын көтеріп, SIM картасының түйіспе аймағы
төмен қарап тұрғанына көз жеткізіңіз де, картаны ұстағышқа салыңыз.
Жұмысты бастау
7
5 SIM карта ұстағышының қақпағын түсіріңіз.
6 Батарея түйіспелерін туралап енгізіңіз.
7 Жоғарғы құлыптау тиектерін ұяшықтарына қарай бағыттап, қақпақты орнына
түскенше басыңыз.
8
Жұмысты бастау
SIM картасын алыңыз
1 Телефонды өшіріңіз.
2 Артқы қабын шешіп алыңыз.
3 Салынған болса, батареяны шығарыңыз.
4 SIM карта ұстағышының қақпағын көтеріп, SIM картасын шығарыңыз.