Nokia Asha 303 - Пернетақтамен жазу

background image

Пернетақтамен жазу
Телефонда толық пернетақта бар.

Жұмысты бастау

5

background image

1

функция пернесі. Пернелердің жоғарғы жағына басылған арнайы

таңбаларды енгізу үшін, функция пернесін, одан кейін тиісті пернені басыңыз.

Бір жолға бірнеше арнайы таңбалар енгізу үшін, функция пернесін екі рет

басыңыз. Қалыпты режимге оралу үшін, функция басыңыз.

2

Shift пернесі. Бас және кіші әріп режимдері арасында ауысу үшін, Shift

пернесін екі рет басыңыз. Кіші әріп режимінде жалғыз бас әріп енгізу немесе

бас әріп режимінде жалғыз кіші әріп енгізу үшін, Shift пернесін, одан кейін

қажет әріп пернесін басыңыз.

3

Таңба пернесі. Пернетақтада көрсетілмеген арнайы таңбаларды енгізу

үшін, Sym пернесін басып, қажет таңбаны таңдаңыз.

4

Backspace пернесі. Таңбаны жою үшін, Backspace пернесін басыңыз.

Бірнеше таңбаны жою үшін, Backspace пернесін басып тұрыңыз.

5

Енгізу пернесі. Меңзерді келесі жолға немесе мәтінді енгізу өрісіне

жылжыту үшін, Enter пернесін басыңыз. Қосымша функциялар ағымдағы

мәтінмәнге негізделеді. Мысалы, веб-шолғыштың веб-мекенжай өрісінде

Enter пернесі «Өту» белгішесі сияқты әрекет етеді.

6

Ctrl пернесі

Бір әріптің басқа түрлерін енгізу
Мысалы, екпінді әріптерді енгізуге болады. á әрібін енгізу үшін, Sym пернесін

басып тұрып, A пернесін қажет әріп пайда болғанша баса беріңіз. Әріптердің реті

мен қол жетімділігі таңдалған жазу тіліне байланысты.